«ISKER» консорциумы «АЖ»-ға azh.kz сайтындағы бейнежазбаға қатысты өз комментарийін жолдады.
«Редакция сауалы үшін алғыс білдіреміз және оған түсініктеме беру мүмкіндігін пайдаланамыз. Бейнероликте жұмысшылар тобының асхана есігінің алдында бір-бірін итермелеп тұрғаны көрінеді. Роликтің авторы нысанда 2000 адамның жұмыс жасайтынын, ал түскі асқа бір сағат бөлінгенін түсіндіреді. Бұл ақпараттың шындыққа сай келмейтінін сіздердің және жұртшылықтың қаперіне береміз.
“ISKER" вахталық поселкесінде компания қызметкерлерін тамақтандыратын екі асхана жұмыс істейді. Батыс Ескенедегі теміржол кешенінің жобасына (БЕТКЖ) барлығы 2000-нан сәл астам адам жұмылдырылған. Асханалар бір уақытта 550 адамды қабылдауға есептелген. Тамақ ішу уақыты – сағат 11.30-дан 14.00-ге дейін. Бүкіл қызметкердің түскі ас ішуге арналған уақыт ішінде жайланып тамақтана алатынын есептеу қиын емес. Компанияның автокөліктерімен персоналдарды тасымалдау белгіленген регламентке сәйкес жүзеге асырылады. Ол жұмысшылардың топталып қалмауына және кезекке тұрмауына мүмкіндік береді.
«“ISKER" консорциумы» ЖШС жарияланған бейнежазба фактісі бойынша тексеру жүргізіп, бұл оқиғаның бір рет қана орын алғанын мәлімдейді. Сол күні жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) (маман киімі) берілген. Белгілі бір уақытта асханаға жұмыс нысаны мен ЖҚҚ беру қосынынан бірнеше автобустар қатар келген. Соның салдарынан асхананың кіре берісінде жұмысшылар топталып қалған.
Сонымен қатар, асханалар орналасқан “ISKER" вахталық поселкесінің аумағында басқа тамақтану нүктелері мен ақшаға азық-түліктер сататын дүңгіршектер жоқ екенін атап өткім келеді. Вахталық поселкеде тұратын қызметкерлерді «“ISKER" консорциумы» ЖШС өз есебінен үш мезгіл тамақтандырумен қамтамасыз етеді.
Қалада тұратындар компания есебінен түскі ас ішеді. Компания жұмысшыларының, супервайзерлер мен менеджерлердің лауазымы мен азаматтығына қарамастан бәрімен бірдей тамақ ішетінін айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, жұмысшыларды қамқорлыққа алу «“ISKER" консорциумы» ЖШС-нің басымдығы болып табылады. Компания жұмысшыларды тамақпен, баспанамен (басқа қаладан келгендер үшін), жұмыс орнына және кері жиналған жерге жеткізумен қамтамасыз етеді, басқа әлеуметтік жеңілдіктер ұсынады. Ақпарат ретінде, биылғы жыл басынан бері компанияның 1196 адамды жұмысқа қабылдағанын хабарлаймыз.
«ISKER» консорциумы ЖШС бас директоры М.Ғұбашев».