Атырау, 28 қараша 11:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Аға лейтенант қолбасшылықты да, жұбайын да алдаған

2 824 просмотра

Аға лейтенант шеніндегі әскери қызметкерге жыл бойына баспана жалдау өтемақысын заңсыз алғаны үшін айыптау үкімі шығарылды.

Тексеру жұмыстары №41321 жаяу әскер бөлімшесінің (Привокзальныйдағы) офицері З.-ның 2015 жылдың наурызында қаржы қызметіне пәтер жалдап тұратыны туралы әскери бөлімшеден анықтама ұсынып, 2016 жылдың наурызына дейін заңсыз өтемақы алып отырғандығын анықтады. Өтемақы барлығы 1 154 294 теңгеге шықққан.

- Офицердің кінәсі - Водников поселкесінде орналасқан Ұлттық гвардияның әскери бөлімшесінде қызмет ететін оның жұбайының баспана жалдау бойынша өтемақы алып отырғандығында. Ал ол жұбайына осы мақсатта өзінің де ақша алып отырғандығын хабардар етпеген. Ал заң бойынша мұндай жағдайда тек ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана өтемақы алуға құқығы бар, - дейді Батыс өңірі әскери прокурорының орынбасары Думан АБЕУОВ. – Оған қатысты ҚР ҚК-нің «алаяқтық» және «жалған құжаттарды қолдан жасау» деген баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімімен З. кінәлі деп танылып, «аға лейтенант» әскери шенінен айырумен қатар, жалпы режимдегі колонияда 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
4 қазан 2016, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.