Атырау, 27 қараша 10:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Оразаның пайдасын дәлелдеген ғалымға нобель сыйлығы табысталды

2 839 просмотра

Фото: muslim.kzНобель апталығы басталғалы ең жарқын ғылыми атақтар мен медицина, физиология, физика және химия саласында лауреаттар анықталды. Медицина мен физиология саласының лауреаттары 2016 жылдың 3 қазаны күні белгілі болды. Ол атақтың иесі – Токио Технологиялық университетінің жасушалы биология маманы Ёсинори Осуми (Yoshinori Ohsumi),- деп хабарлады Мuslim.kz.

Жалпы, бұл феномен бар болған, оны ғалымдар өткен ғасырдың 60-жылдары тапқан. Бірақ, терең бойламаған. 90-жылдары бұны Осуми жасады. Ол тәжірибе жасау арқылы аутофагқа жауап беретін гендерді шығарды. Осы еңбектің арқасында ширек ғасырдан кейін сыйлық өз иесін тапты. Сондай-ақ, бірауыздан Нобель сыйлығына лайықты тарихтағы 39-шы ғалым етті.

Сонымен, лауреаттың ашқан жаңалығы мынаны дәлелдейді: ашығу яғни, ораза ұстау расында ішкі ағзаны тазалайды. Мұны Нобель комитеті дәлелдеген.

Осумидің әріптестері аутофагия ағзаны ерте қартаюдан сақтайды деп отыр. Тіпті, жаңа жасушалар тудыратындықтан, ағзаны жасартуы да мүмкін. Себебі, ол кезде жарамсыз ақуыздар, зақымдалған ішкіжасушалы элементтер ағзадан шығарылып, ретке келтіріледі.

Дереккөз: Мuslim.kz

4 қазан 2016, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.