Атырау, 21 желтоқсан 06:46
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Мұнайшыларды бүлдірген жерлерін тазартуға мәжбүр етті

5 054 просмотра

Image 0Көрнекі суретЖылыой аудандық прокуратурасы «МұнайТрансСервис» ЖШС-нің қызметінен экологиялық заңнаманың бұзылғанын анықтады.

Жылыой аудандық прокуратурасының прокуроры Сапар ТҰРСЫНБЕКОВТІҢ хабарлауынша, биылғы жылы шілденің басында Құлсары қаласының айналма жол айрығында осы кәсіпорынға қарасты Камаз көлігі тиеп келе жатқан бұрғылау шлам қалдығы алаңы 90 шаршы метр жерге төгіліп, бұл туралы экология департаментіне хабарланбаған.

Прокуратура экология департаментіне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде «МұнайТрансСервис» ЖШС-не ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық (ӘҚБТК) туралы кодекстің 327-бабы («Ластаушы заттардың өндірістік нормативтен тыс тасталуы мен шығарылуы туралы хабарламау») бойынша 53 025 теңге және 337-бабы («Жерді бүлдіру») бойынша, 84 880 теңге айыппұл салынды. Бүлінген жер телімі қалдықтардан тазартылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қазан 2016, 23:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.