Атырау, 8 ақпан 15:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты 6 жылға бас бостандығынан айырды

5 487 рет қаралды

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Сот үкім етеді: Матаев Сейтқазыны ҚР Қылмыстық кодексінің 245 бабы 3 тармағында, 190 бабы 4 тармағында, 2 тармақшасында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасаған деп танып, жиынтық түрде Матаев Сейтқазыға қылмыстық жолмен тапқан, немесе қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа сатып алған мүлкін тәркілеп, 6 жыл бас бостандығынан айыру, өмір бойына ұйымдастырушылық-таратып беру және материалдық жауапкершілік функцияларға қатысы бар мемлекеттік, коммерциялық мекемелерде басшылық қызметте істеу құқығынан айырылсын және жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында атқарсын», - деді Астананың №2 Есіл аудандық сотының төрағасы Ақболат Құрмантаев дүйсенбі күні үкімді жариялап.

С. Матаев сот залында қамауға алынды.

Дереккөз: ҚазТАГ

3 қазан 2016, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.