Атырау, 27 қараша 10:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түрік әскері Ирак пен Cирияда тағы 1 жыл операция жүргізе алады

1 751 просмотра

Фото: milliyet.com.trТүрік армиясы Ирак пен Сирияда тағы 1 жыл әскери операция жүргізе алады,- деп хабарлады 24.kz.

Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі күзгі сессиясының алғашқы отырысында халық қалаулылары үкіметке 2014 жылы көршілес екі мемлекеттің аумағына әскер кіргізуге рұқсат ететін мандатты 2017 жылдың қазан айына дейін ұзартты. Қазіргі таңда Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігінде «Евфрат қалқаны» операциясын жүргізуде. Ресми ақпарат бойынша, әскери шара басталған 24 тамыздан бері «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарасты 100-ге жуық нысанға оқ жаудырылып, содырлардың қару-жарақ жасайтын көптеген затты тәркіленген. Коалициялық күштердің әуе соққысынан террорлық ұйымның 3 жасағы жойылды.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті: - Сирия мен Ирактағы бүгінгі жағдай елімізде болып жатқан террорлық оқиғаларға әсері жоқ дей алмаймыз. Демек бізге өз жоспарымызды іске асырмай, мәселе түйіні шешілмейтіні анық белгілі болды. «Евфрат қалқаны» – сириядағы террорлық ұйымдарға қарсы жергілікті халықпен бірге жүргізіліп отырған заңды операция. Джераблустан бастап, батыс пен оңтүстік-шығысты қамтыған бұл операцияның мақсаты – өңірде 5 мың шаршы шақырым қауіпсіз бір аймақ құру.

Дереккөз: 24.kz

3 қазан 2016, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.