Атырау, 5 желтоқсан 13:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​​Жүргізуші өзін үш адамның өліміне кінәлі санамады

2 323 рет қаралды

Image 0Исатай аудандық соты ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы («екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзу») бойынша азамат Р.Ж.-ны кінәлі деп тауып, оған қоныс колониясына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот УАЗ-31510 (бес орындық жолсызбен жүретін) көлігін басқарған Р.Ж.-ның Атырау-Астрахань трассасында қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан ВАЗ-21703 көлігімен соқтығысқанын анықтады. Нәтижесінде, «семерканың» жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде көз жұмып, тағы бір жолаушысы ауыр дене жарақатын алды.

Сотта Р.Ж. өз кінәсін мойындамай, өзін ақтауды өтінді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 қазан 2016, 23:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.