«АЖ»-ға түскі үзіліс кезінде Қарабатандағы асхана алдында ығы-жығы болған жұмысшылардың бейнежазбасы жолданды.
Бейнежазба авторы былай деп жазады: «Қарабатандағы «ISKER» консорциумы. Екі мың жұмысшы үшін түскі үзіліс бір сағатқа созылады. Осы уақыт ішінде тамақ ішіп үлгеруі тиіс. Бұл тек үлкен қолайсыздықтар тудырып қана қоймай, бір-бірін итермелеп, абыр-сабыр болған кезде қызметтестерін зақымдау қаупін тудырады».
Біз «ISKER» консорциумының директоры Максим ҒҰБАШЕВ пен Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВКЕ тиісті сауалдар жолдадық.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ