Атырау, 28 қараша 11:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​«Теңізшевройл» коммерциялық құпияға қатысты өз құқығын қорғай алмады

2 347 просмотра

ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің (ТМРжБҚК) сайтында Астана қаласында «Теңізшевройл» ЖШС-нің Атырау облыстық ТМРжБҚК департаментіне қатысты талап-арызы бойынша өткен сот отырысы туралы ақпарат жарияланды.

Мұның бәрі неден басталды десек, монополияға қарсы комитет мұнайгаз секторындағы кәсіпорындарда адал бәсекелестіктің сақталуы жөнінде ақпарат жинау туралы үкіметтен нұсқау алады да, тиісті директиваларды аумақтық департаменттерге жолдайды.

Бізге Комитеттің Атырау облыстық департаментіндегілер хабарлағандай, олар тиісінше мұнайгаз кәсіпорындарына, соның ішінде ТШО-ға қажетті ақпараттарды, атап айтсақ, мақұлдағаны немесе бас тартқандығы туралы (бұл жағдайда – бас тарту себебі туралы) мәліметтер көрсетілген тауар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуға тұтынушылардан (сатып алушылардан) түскен сұранымдар тізбесін; мақұлдағаны немесе бас тартқандығы туралы мәліметтер көрсетілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуге жеткізушілерден (сатушылардан) түскен сұранымдар тізбесін; қызмет жеткізушілерімен және тұтынушылармен жасалған келісімшарттардың, тендерлік құжаттамалардың көшірмелерін және т.б. ақпараттарды ұсыну туралы сұраныстар жолдаған.

ТШО коммерциялық құпияға жатады деген уәжбен монополияға қарсы органға ақпарат ұсынбапты. Содан кейін мұнай компаниясына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған.

«Теңізшевройл» коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну туралы талапты заңсыз деп тану туралы талап-арызбен инвесторлар істері жөніндегі сотқа (Астана қ.) жүгінді. Талап-арыз берушінің пікірінше, мемлекеттік органның әрекеті бұл жағдайда инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін бұзып отыр.

Істі қарап шыққан Астана соты «Теңізшевройлдың» талап арызын қабыл алмау туралы шешім шығарды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 қыркүйек 2016, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.