«ҚазТрансОйл» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі алдағы уақытта Астрахан-Маңғышлақ су таратқышының өткізу қабілетін кеңейтетіндігі туралы хабарлады.
Осы жоба аясында №5 су сорғы станциясын қайта жарақтау жұмыстары жүргізілуде (2017 жылдың желтоқсанында аяқталады). Нәтижесінде 2020 жылға қарай магистральды су таратқышының өткізу қабілеті кезең-кезеңмен тәулігіне 35 мың текше метр суға ұлғайтылатын болады. Бүгінде ол «Қиғаш» ЖӨДС-нен Құлсары қаласындағы су сорғы станциясына (ССС-8) дейінгі учаскеде тәулігіне 94 мың текше метрді; ССС-8-ден Маңғышлаққа дейінгі учаскеде тәулігіне 73 мың куб метрді құрайды.
Су таратқыштың міндеті - Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарына тұрмыстық, технологиялық және техникалық қажеттіліктері үшін техникалық суды жеткізу. Оның негізгі тұтынушылары - ТШО, NCOC, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ. Ал жалпы магистралды су таратқыш қызметін Атырау мен Маңғыстау облыстарының 173 тұтынушысы қолданады, соның ішінде 23 мұнай өндіру кәсіпорны мен 36 өнеркәсіптік кәсіпорын, 94 ауыл шаруашылығы өндірушісі қолданады.
Су таратқыш сонымен қатар, коммуналдық кәсіпорындарға су жеткізеді, олар өз кезегінде оны ішуге жарамды сапаға жеткізіп, оны 8 мың тұрғыны бар Аққыстау ауылы, 70 мың адамы бар Құлсары қаласы, 120 мың тұрғыны бар Жаңаөзен қаласы, 47 мың тұрғыны бар Бейнеу ауылы және басқалар секілді елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етеді», - деп хабарла йды «ҚазТрансОйл» АҚ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ