Атырау, 28 қараша 11:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қоқыс үшін айыппұл салынды

4 399 просмотра

Санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзғаны үшін «Жылыой Тазалық» ЖШС-не жалпы сомасы 200 мың теңгеден астам сомада айыппұл салынды.

Жылыой аудандық прокуратурасы тексеру барысында «Жылыой Тазалық» ЖШС-не тиесілі қоқыс полигоны төңірегіндегі жердің тұрмыстық қалдықтармен және мұнай өнімдерімен ластанғанын анықтады.

- Бірқатар заң бұзушылықтар анықталды: қалдықтардың бір бөлігін полигон аумағының сыртына төккен, полигонға кірер ауызға қоқыс шығаратын көліктердің дөңгелектерін залалсыздандыру үшін дезинфекциялайтын бетон ванна орнатылмаған, контейнерлер лас, қоқыс шығаратын көліктер жуылмайды, - деді Жылыой аудандық прокуратурасының прокуроры Сапар ТҰРСЫНБЕКОВ.

Прокуратура Экология департаментіне ұсыныс енгізіп, содан кейін ЖШС-не ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің «экологиялық» үш бабы бойынша жалпы сомасы 233 310 теңгеге айыппұлдар салынды.

Айнұр САПАРОВА
30 қыркүйек 2016, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.