Атырау, 2 маусым 21:24
 дождьВ Атырау +14.4
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Ереуілге шыққан Перу мұғалімдері полициямен қақтығысты

1 996 рет қаралды

Перудің Куско қаласында полиция шеруге шыққан мұғалімдерді қуып таратты,- деп хабарлады 24.kz.

Олар биліктен еңбекақыны өсіруді және білім министрінің отставкаға кетуін талап еткен. Ұстаздар бұл шеруді 27 қыркүйекте бастаған еді. Бірақ екінші күні-ақ ереуіл соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Мұғалімдер халықаралық әуежайға апаратын жолды жауып тастамақ болды. Полицейлер наразы топқа қарсы көзден жас ағызатын газ шашты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қақтығыс салдарынан 2 мұғалім жарақат алған. Қазір олар ауруханада. Ешкім қамауға алынған жоқ.

Дереккөз: 24.kz

30 қыркүйек 2016, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.