Сирияда содырлардың тұрқынында бір жылдан астам уақыт отырған германиялық журналист Янина Финдайзен босатылды. Ол қазір Түркияда отанына оралуға дайындалып жүр, деп хабарлады Baq.kz.
Неміс басылымдарының хабарлауынша, 2015 жылы қазанда оны "Джебат ән-Нурса" экстремистік тобының мүшелері тұтқынға алған. Содырлар журналист өмірі үшін 5 миллион евро талап еткен. Тұтқында отырған әйел нәресте дүниеге әкелді.
Сирияда азаматтық соғыс басталғалы бері 200-ге жуық журналист қаза тапты, тағы елу шақтысы түрмеде немесе тұтқында отыр.
Дереккөз: Baq.kz