Атырау, 27 қараша 10:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Pokemon GO авторлары Гаагада сот алдында жауап береді

2 264 просмотра

Фото: ReutersТанымал ойынның авторларына Нидерланд билігінен шағым түсті,- деп хабарлады 24.kz.

Бұған себеп – покеман аулаушылардың күзетілетін аймақтарға күн сайын баса көктеп кіруі. Kijkduin жағажайында күн санап бағалы әрі сирек кездесетін покемондар пайда бола бастады. Билік өкілдері мыңдаған ойыншылар жағажай дөңдеріне зиян келтіреді деп дабыл қағаып отыр. Билік бағдарламаны жасаушылардан сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін түнгі уақыттарда қалта құбыжықтарын алып тастауын талап етіп отыр.

Niantic компаниясымен олар тамыз айының ортасында байланысқа шығып көрген, алайда екінші тараптан жауап болмаған. Нәтижесінде шешімге келудің жалғыз жолы – сотқа жүгінуге тура келген. Гаагада 11 қазанда тыңдаулар өтеді деп жоспарланған, деп жазады The Guardian.

Дереккөз: 24.kz

30 қыркүйек 2016, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.