Атырау, 25 қыркүйек 14:44
 дождьВ Атырау +23.3
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

Әкім талап қойды, «Арнаулы автобаза» орындады

2 990 рет қаралды

Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ «Арнаулы автобаза» ЖШС тарапына айтылған сынынан кейін кәсіпорын басшылығы бірқатар шаралар алды, соның ішінде, көше тазалаушылардың жалақыларын екі есеге көбейтті.

– Бізде 150 бос орын бар. Адамдар мұндай жұмысты жасағылары келмейді, оларды да түсінуге болады – жұмыстары көп, жалақысы аз. 1 қыркүйектен бастап көше тазалаушылардың жалақылары 41 540 теңгеден 80 мыңға дейін (зиян мен мереке күндеріндегі жұмыстар үшін үстеме ақыны қосқанда) өсірілді, – дейді «Арнаулы автобаза» директорының орынбасары Самат ТҰРНИЯЗОВ. – Қазан айында арнайы техника жүргізушілерінің жалақыларын көтеретін боламыз.

Ол, сонымен қатар, кәсіпорынның қоқыс шығаратын 10 жаңа көлік алуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Атыраудың 290 нүктесінде 4 және 6 метрлік контейнерлер қосымша орнатылатын болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынды
30 қыркүйек 2016, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.