Көрнекі суретЖылыой аудандық прокуратурасы «Жылыой Су» КМК тарапынан қоршаған ортаны қорғау туралы занаманың бұзылғанын анықтады.
Жылыой аудандық прокуратурасының прокуроры Сапар ТУРСЫНБЕКОВТЫҢ айтуынша, тексеру кезінде коммуналдық кәсіпорын кәріз суларын Жаңа Қаратон ауылындағы тұрғын үйлерге жақын жерге (ауылға жақын маңда булану алаңдары бар бола тұра) және жайылымдық жерге төгіп отырғаны анықталды. Прокуратура Экология департаментіне ұсыныс енгізді. Бұдан соң «Жылыой Су» КМК-на ҚР ӘҚБтК-нің үш «экологиялық» бабы бойынша жалпы сомасы 254 520 теңгеге айыппұл салынды, сондай-ақ, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Айнұр САПАРОВА