Қалалық ТКШ бөлімінен кейін «Атырау Су Арнасы» КМК қысқа әзір екендіктері туралы есеп берді. Брифинг өңірлік коммуникациялар қызметінде кәсіпорын басшылығының қатысуымен өтті.
Күзгі-қысқы маусымға дайындық процесінде кәсіпорын су құбырының 1,5 км апатты учаскесін, 0,5 км кәріз жүйесін және 1,1 км жылу жүйесін жөндеді, сонымен қатар, су құбыры мен кәріз құдықтарына ағымдық жөндеу жүргізді. Жыл басынан бері АСА мамандары 36 апатты шөгінділерді жойды - топырақтың құлауы салдарынан қалалық кәріз жүйесінің құбырлары жарылған.
«Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВТЫҢ (суретте) айтуынша, коммуналдық қызметтің ең үлкен проблемасы өздігінен ағатын кәріз жүйесі болып табылады. Өйткені бұл жүйелер өткен ғасырдың 50-ші жылдары жүргізілген.
- Тұрбалар 2-5 метр тереңдікке дейін салынған. Тұрбалар ескірген және жерасты сулары агрессивті, - деді А.Ташлыков. – Тағы бір үлкен проблема – жеке секторда кәріздік жүйенің жоқтығы. Алайда билік бұған көп көңіл бөледі, 11 учаскеде кәріздік сорғы станциясының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлінуде. Негізінен бұлар жаңбыр жауғанда және қар еріген кезде су басуға бейім Атырау аудандары: №5 мектептің, Алтынсарин мектебінің учаскелері, ескі әуежай, бұрынғы ескі комбинат, «Сарықамыс», жаңа «Береке» ықшамаудандары.
Бүгінгі күні «Атырау Су Арнасы» КМК-ның 950 қызметкері Атыраудың 300 мың тұрғыны мен Мақат ауданының 30 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. Өндіріс қызметкерінің орташа жалақысы - 85 мың теңге, басқарма қызметкерлерінің жалақысы – 130 мың теңге.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор
29 қыркүйек 2016, 15:56