Атырау, 22 қаңтар 05:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

ОПЕК елдері мұнай өндірісін шектейді

6 250 рет қаралды

ОПЕК осы жылдың қараша айынан мұнай өндірісін шектейді, деп хабарлайды BNews.kz.

Алжирде бас қосқан Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының қатысушылары биылғы жылдың қарашасынан «қара алтын» өндірісін шектеуге келісті.+

Мұнай өндірісін күніне 32,5 млн баррель деңгейінде шектеу көзделіп отыр. ОПЕК шешімінен кейін Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 4,6%-ға көтеріліп, барреліне 48,35 долларды құраған.

Естеріңізге салып өтсек, кеше ОПЕК бас хатшысы ОПЕК-тің әлемдік қоймалары мұнайға лық толы екенін, отын қоры үш млрд баррельден асып кеткенін мәлімдеген еді.

Дереккөз: BNews.kz

29 қыркүйек 2016, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.