Атырау, 27 қараша 10:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей MH17 апатын тергеу қорытындысымен келіспейді

2 283 просмотра

Халықаралық тергеу тобының өкілдері.Нидерланды, 28 қыркүйек 2016 жыл. Фото: AFPРесей билігі халықаралық тергеу тобының Украина шығысында апатқа ұшыраған Malaysian Airlines компаниясының жолаушылар ұшағын Ресейден әкелінген "Бук" зенит-зымыран кешенінен атылған зымыран атып түсірді деген тұжырымын аралық есебін сынады. Тергеушілер 28 қыркүйекте жариялаған есебінде 2014 жылы 17 шілдеде апатқа ұшыраған ұшақты атып түсірген зымыран Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аумақтан атылған деп тұжырған,- деп хабарлады Азаттық.

Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова комиссия қорытындысы тергеудің "бір жақты және саяси мүдед тұрғысында жүргізілгенін" көрсетеді деп мәлімдеді. Ол "Украинаға айғақтарды бұрмалауға мүмкіндік берілді" дегенді меңзеді.

"Бук" зенит-зымыран кешенін жасайтын "Алмаз-Антей" концерні өкілдері сарапшылар өздеріне берілген ақпаратты жоққа қабылдамай қойғанын мәлімдеді.

Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып шыққан, Донбаста апатқа ұшыраған ұшақта болған 298 адамның барлығы қаза тапқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

29 қыркүйек 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.