Үйімнің қасында тілемсек мысық тұрады. Жанынан өтіп кету мүмкін емес! Дүкенге қарсы отырып алып, өтіп бара жатқан адамдардың көздеріне жүректі елжірете қарайтыны сондай... Шындығында ол жерде бомжға ұқсайтын бір ер адам қайыр сұрап тұрады. Қайдан екені белгісіз, бұл мысық оның жанында жазда пайда болды. Қасына келіп, жанына отыратын болған. Ер адам оны қанша қуса да кетпеді. Күн сайын таң атқаннан күн батқанға дейін дүкен жанындағы жаяу жүргінші жолында отырады да қояды. Қайыр сұрайтын ер адам аз уақытқа кетіп қалса, орнына мысық отырып, көңілі жұмсақ адамдардан ақша жинауды жалғастырады...
Тамара СУХОМЛИНОВА