Қызылоға ауданының Ойыл ауылдық окурігтерінде қойдың пастереллезден жаппай қырылу фактісі тіркелді. «Жасқайрат» шаруа қожалығында 374 тоқты қырылған. Бұдан басқа, көрші Жасқайрат ауылында екі тоқты өлген.
Аудандық ветеринария бөлімі бастығының міндетін атқарушы Абзал ҚАРАБАЛИННІҢ айтуынша, өлген тоқтылардың қанынан сынама алынып, облыстық ветеринарлық зертханаға жіберілген. Онда пастереллезге шалдығу фактісі расталды. Ауру жұқтырған мал оқшауландырылып, антибиотиктермен ем берілуде. Ойыл ауылдық округіне карантин енгізуге нұсқау берілді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА