Еуропарламенттің Азаматтық бостандық, әділет және ішкі істер жөніндегі комитеті (LIBE) Еуроодақтың Украинаға визасыз режим ұсынуын қолдады, деп хабарлады Қазақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Киевке визасыз режімді ұсыну бастамасын Еуропарламенттің басым көпшілігі дауыс беру арқылы бекітті.
Ол үшін 39 еуропарламентарий дауыс берсе, 4-уі қарсы шықты.
Енді бұл шешімді институт ретінде Еуропарламент мақұлдауы тиіс. Бұл қазан айында өтетін Страсбургтегі парламенттік сессияда жүзеге асады деп күтілуде.
Украина қашан визасыз режимге ие болатынын Еуропарламент айтпады.
Дереккөз: Іnform.kz