Атырау, 27 қараша 11:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей MH17 рейсі апатына қатысты жаңа мәліметтерін ұсынды

2 342 просмотра

Ресей қорғаныс министрлігі 2014 жылы жазда Украинаның шығысында апатқа ұшыраған малайзиялық ұшаққа қатысты делінген радиолокациялық мәліметтерін жариялады. Ол бойынша, Malaysian Airlines компаниясының ұшағын атып түсірген зымыран ресейшіл сепаратистер бақылауындағы территориядан атылмаған. Қорғаныс министрлігі бұл мәліметтерін нидерландылық тергеушілердің MH17 рейсінің апатқа ұшырауына қатысты есебін жариялауына екі күн қалғанда ұсынып отыр,- деп хабарлады Азаттық.

2014 жылы 17 шілдеде Донбаста шайқас жүріп жатқан уақытта болған ұшақ апатынан борттағы 298 адамның барлығы қаза тапқан. Ресей ұшақты сепаратистер атып түсірді деген айыпты бірнеше рет жоққа шығарған. Ресей қорғаныс министрлігінің өкілдері жаңа мәліметтерін нидерландылық тергеушілерге беретінін айтады. Ресей билігінің бұл мәліметтерді не себепті енді ғана жариялағаны белгісіз.

Ұлыбританиялық ерікті зерттеушілердің Bellingcat тобы Ресей ұсынған мәліметтер Мәскеудің бұрын жариялаған мәліметтеріне қайшы келеді деп мәлімдеп үлгерді. Мәскеу бұған дейін ұшақ апатқа ұшырайтын сәтте оған жақын маңда Су-25 бомбалаушы ұшағы ұшып жүрген деп мәлімдеген еді.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 қыркүйек 2016, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.