Атырау, 28 қараша 10:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Говоров көшесіндегі пропан тозағы

2 064 просмотра

Атырауда белгісіз табиғат пайдаланушылар кезекті «газ шабуылын» жасады.

23 қыркүйекте кешкі сағат 10-дар шамасында Нұрбол есімді жүргізуші тілшілеріңізге хабарласып, Говоров көшесімен АМӨЗ жанынан Водников поселкесіне қарай кетіп бара жатқанын, «зауыттың орталық өту алаңынан Мирный поселкесіне дейін пропан газы иісінің қатты шығып жатқаны сондай, көліктің әйнегін жапсам да, басым айналып, көздерім шаншып ауырды» деп хабарлады.

Біз бірден Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВҚА қоңырау шалып, сол жерге ауа сапасын зерттеу үшін маман жіберуді өтіндік. Қапанов мән-жайды анықтауға уәде берді.

Бүгін, 26 қыркүйекте таңертең редакция Қ.Қапановқа осы тексерудің нәтижелерін ұсыну өтінішімен хат жолдады. Әзірге жауап жоқ. Ал түскі уақытта «АЖ»-ға Говоров көшесіндегі №10 үйде тұратын Айсәуле ХАБИБУЛЛИНА қоңырау шалып:

- Не болып жатқаны түсініксіз. Мұндайды бұрын-соңды көрмеппін. Пропан ауаға көп тасталған. Тыныстау мүмкін емес... - деді.

Біз экология департаментінің қабылдау бөлмесіне қоңырау шалып, хатшыдан Қ.Қапановтың атына жедел хабарлама тіркеуді өтініп, Айсәуленің ұялы телефон нөмірін ұсындық.

Бүгін сағат төрттерде редакцияға Говоров көшесіндегі «Мастер Дом» дүкенінің директоры Әлия САРБАСОВА қоңырау шалып, газ шығарындысын шығару жалғасып жатқандықтан, оның қызметкерлері кенеттен бас аурулары мен тамақтарының ауыра бастағандығына шағымданғанын хабарлады. Ол сонымен қатар, экология департаментінің қызметкерлері келіп, ауаға зерттеу жүргізіп жатқанын айтты.

Біз «АМӨЗ» ЖШС бас инженері Денис КОЗЫРЕВҚА қоңырау шалдық. Ол өзінің нұсқауы бойынша 25 қыркүйектен бастап зауытта газдың ықтимал жылыстауын іздейтін мобильді топтың жұмыс істегенін, бірақ оның табылмағанын айтты.

- Қорытынды: шығарынды көзі зауыт аумағынан тысқары. Оны іздеу біздің мамандардың құзырына кірмейді.

Бізге жаңа ғана табиғат қорғау прокуратурасы хабарлағандай, «АМӨЗ» ЖШС-де экология департаменті қызметкерлерінің күшімен тексеру басталған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қыркүйек 2016, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.