Атырау, 26 желтоқсан 06:23
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Сот анасына көмектесуге мәжбүр етті

3 181 рет қаралды

Қалалық сотта азаматша В.-ның ұлынан өзін күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап-арыз беруші жүрегіне ота жасалып, қымбат дәрі-дәрмектер тағайындалғандықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болған. Қазіргі уақытта ол жұбайымен бірге тұрады. Екеуі де зейнеткер, алайда олардың зейнетақылары қымбат дәрі алуға жетпейді. Сот азаматша В.-ның кәмелетке толған ұлы мен қызы бар екенін, алайда қызының мекенжайы белгісіз екенін, ал ұлының материалдық тұрғыда еш көмектеспейтіндігін анықтады.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің «Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті» делінген 145-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, сот ай сайын ұлынан анасын күтіп-бағуға 4 АЕК (8 484 теңге) өндіріп алу туралы шешім шығарды. Шешім заңды күшіне енді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қыркүйек 2016, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.