«АМӨЗ» ЖШС «azh.kz сайтында жарияланған бейнежазба бойынша түсіндірме» деген атаумен баспасөз хабарламасын таратты.
«“«Атырау МӨЗ" ЖШС зауыттың әрбір қондырғысының өз технологиялық пайдалану режимі бар екенін хабарлайды. 13-20 қыркүйек аралығында «АМӨЗ» ЖШС-де «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның магистральді құбырында жөндеу кезінде табиғи газдың ажыратылуы себепті зауыттағы ЖЭО технологиялық режимі табиғи газден сұйық отынға ауыстырылды. 20 қыркүйекте ЖЭО қазандықтарының жұмысын табиғи газге көшіру шаралары жүргізілді. Сондықтан қысқа мерзімде түтінді газдердің қараюы орын алды. Мұндағы бүкіл шаралар толықтай технологиялық нормативтерге сай орындалды.
ЖЭО қазандықтарынан ауаға тасталатын ластаушы заттардың шығарындылары, соның ішінде, дүркін шығарындылар 2015-2019 жылдардың шекті рұқсат етілген шығарындылар (ШРШ) нормативтерінің жобасында қарастырылған және бұл нормативтерден аспайды.
ШРШ жобасы бойынша Атырау облыстық экология департаментінің мемлекеттік экологиялық қорытындысы мен ҚР ЭМ мұнайгаз кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты алынды.
2008 жылдан бастап «АМӨЗ» ЖШС-де шығындарды азайту және отын өртеу шараларының 3 кезеңі әзірленіп, жүзеге асырылды. Нәтижесінде қолданылатын отын көлемін өңделетін мұнайдың 9 пайызынан 7 пайызына дейін азайтуға қол жеткізілді, сонымен қатар, зауыт тұрбаларынан түтінді газдердің түссіз шығуы қамтамасыз етілді.
2007 жылдан бастап сұйық отын ретінде күкіртті өнімді – мазутты қолдану тоқтатылғанын қосымша хабарлаймыз. Оның орнына күкіртті қоспалардан тазартылған отын және ішінара табиғи газ қолданылады.
2005 жылмен салыстырғанда 2015 жылы күкіртті ангидридтің атмосфералық ауаға шығарындысы 9,6 есеге қысқартылды.
«АМӨЗ» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс бөлімі