Атырау, 28 қараша 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қалалық әкімдік жылуды мерзімінде беруге уәде етті

2 170 просмотра


Атыраудағы көппәтерлі 975 тұрғын үйдің 932-і (95%) механикалық гидравликалық сынақтан өтті, енді жылу беру маусымына әзір. Бұл туралы қалалық ТКШ бөлімі мәлімдеді.

- Қалған үйлерді қыркүйектің аяғына дейін әзір қылуды жоспарлап отырмыз. 1 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға – ауруханаларға, балабақшаларға, мектептерге жылу беріле бастайды, ал ауа-райына байланысты қазанның 10-15-інен бастап тұрғын үйлерді жылыта бастаймыз, - дейді ТКШ бөлімінің бас маманы Рафхат ЖОЛДИЕВ.

975 үйдің 821-і орталық ЖЭО-нан, 16-сы «Атырау Су Арнасынан» жылу алады. 23 үйде (негізінен бұлар жаңа тұрғын кешендері) өз автономды жылу қазандықтары бар, 51-і Балықшы қазандығынан жылынады, 64 үй, соның ішінде Нұрсая ықшамауданы «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-не қарайды. Айтпақшы, өткен жылдары Нұрсая тұрғындары жылудың нашарлығына шағымданған болатын, ол ауданда апаттар жиі орын алды.

- Біздің ЖШС Нұрсая, Болашақ, Ескене, Сарыөзек ықшамаудандары мен Жилгородоктағы Заполярная көшесіндегі 64 үйді жылытатын 10 қазандыққа қызмет көрсетеді. 2014-15 жылдары қыста біз Нұрсаядағы 4600 метр жылу трассасын ауыстырдық, ол жерде түрлі диаметрдегі ескі тұрбалар болды. Енді үйлерге жылу үзіліссіз беріледі, - дейді «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің учаске бастығы Кеңес ЖҰМАҒАЗИЕВ. – Әзірлік жұмыстары 2 маусымда басталып, 20 қыркүйекте аяқталды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор
23 қыркүйек 2016, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.