Жаһандық экономика дамушы елдердің тұрақсыздығынан жаңа қаржы дағдарысына ұшырамақ. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму конференциясындағы баяндамада айтылды (UNCTAD), деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазір АҚШ тұрғын үй нарығының 2007 жылдың аяғында басталған әлемдік қаржылық дағдарыстың үшінші кезеңі түсу қаупі бар. 2009 жылдағы дағдарыстан кейін дамушы елдер жаппай арзан несие ала бастады.+
Дамушы экономикадағы корпоративті сектордағы несие 25 триллион долларға немесе жалпы өнімнің 104 пайызына жетті. Бұл дегеніңіз, несие алушылардың қатары артты деген сөз. Ал жаһандық жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны бәсеңдегенде бұл қарыздың айтарлықтай бөлігі қайтарылмайды.
Сондай-ақ, 2008-2009 жылдардағы құлдыраудан кейін дамушы елдер, оның ішінде Ресей, Бразилия және ОАР экономикалық дамудың бұрынғы қарқынын қайта қалпына келтіре алмады. Яғни, экономиканың төмендеуі бағаның құлдырауына әкеліп соғады, ал ол жалпы ішкі өнімнің қысқартады. Бұл проблема аталған елдерді айналып өтпеді. Сонымен қатар, UNCTAD сарапшылары биыл Ресей экономикасы 3 пайызға құлдырайды деп отыр.
Дереккөз: BNews.kz