Атырау, 18 желтоқсан 13:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Матаев сотта басқа елдердегі ҚазТАГ серіктестерінің заңдылығы мен тәуелсіздігіне дәлелдер келтірді

4 340 просмотра

Алматы. 22 қыркүйек. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Сейтқазы Матаев сотта басқа елдердегі – Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Иран, Өзбекстан, Ауғанстан мен Қытайдағы ҚазТАГ серіктестерінің заңдылығы мен тәуелсіздігіне дәлелдер келтірді.

«2010 жылы біз Қырғыз телеграф агенттігін аштық. Одан соң бір жылдан кейін Тәжік телеграф агенттігін аштық. Ол агенттіктердің барлығы дербес, олардың барлығында лицензиялары бар. Мен оларды көрсете аламын. Одан соң, Ауғанстандағы жағдай өте ауыр, соғыс жүріп жатыр. Мен президент Карзаймен тікелей өзім кездесіп, біз Кабулда Ауған телеграф агенттігін ашуға лицензия алып, агенттікті ұйымдастырушылар Кабулдың орталығында агенттік үшін ғимарат алуға көмектесті. Одан кейін Иран, енді батыстың санкцияларынан азат бола бастағанда, біз ТеҺран да Иран телеграф агенттігін ашуды шештік. Сөйтіп біз серіктестер құру, аймақтық желі ашу міндетін шештік», - деді С. Матаев бейсенбі күнгі сот отырысында.

Бұл ретте ол ақпараттық агенттіктің халықаралық желісінің дамуының басталғанын атап өтті.

«2014 жылы біз дүниежүзілік желі ашу бағытында алғашқы қадамымызды жасадық. Біз Қытай басшылығының келісімімен Бейжіңде қытай тіліндегі SilkRoadNews агенттігін аштық, ол аудармасында «Жібек Жолы жаңалықтары» деп аталады. Бұл орасан зор ақпараттық нарық екенін түсінерсіздер, қазір Арменияда, Әзербайжанда агенттік ашу туралы уағдаластық бар. Сөйтіп, ары қарай жылжу көзделуде. Біз ақпарат жақсы тауар және оны саудалауға болады деп есептейміз. Ерекше атап өткім келетіні - біз оны құра білдік», - деп айтты С. Матаев.

Одан басқа ҚазТАГ агенттігі еліміздегі өз бетінше ақша тауып отырған жалғыз ақпараттық агенттік екенін ол қадап айтты.

«ҚазТАГ елдегі өз бетінше ақша тауып отырған жалғыз агенттік. Қазақстандағы бір де БАҚ ақша таппайды. Олар не мемлекеттік қолдау есебінен, немесе демеушілердің есебінен, немесе құрылтайшылардың есебінен ақша тауып отыр. Бүгінге ҚазТАГ өте табысты жұмыс атқаруда және біздің аймақтық серіктестеріміз аяқтарында нық тұр. Мен 7 айдан бері үй қамауында отырмын, ұлым Әсет – 6 ай отыр, дегенмен, ол агенттіктер сағаттай жұмыс атқаруда», - деп С. Матаев қадап айтты.

Дереккөз: ҚазТАГ

22 қыркүйек 2016, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.