Атырау, 28 қараша 10:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көшелерді асфальттау тыныштықты ұната ма?

2 512 просмотра

Биылғы жылдың маусымында қалалық мәслихаттың сессиясында сол кездегі қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ 2016 жылы қалалық бюджет қаржысынан жалпы ұзындығы 67 км болатын 86 көше күрделі жөндеуден өтеді, бұдан басқа, ұзындығы 48,7 км болатын 67 көше НКОК компаниясының және ұзындығы 47,7 км 78 көше ТШО есебінен жөнделеді деп мәлімдеген болатын. Шығындар есебі мынадай: жергілікті бюджет - 4 млрд теңге, НКОК - 6 млрд, ТШО - 4,7 млрд теңге. Барлығы 14 млрд теңгеден астам.

Ал кейінірек ТШО-ның облыс орталығындағы жол бағдарламасын қаржыландырудан бас тартқаны белгілі болды. Редакция сауалына ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ былай деп жауап берді: «Атырау қаласының әкімдігі ТШО-ға 2016 жылғы ерікті «Игілік» бағдарламасына Атырау қаласының жолдарын салуды енгізу туралы өтінішпен шықты. Алайда ТШО мен Атырау облысы әкімдігі ұсынылған жобалардың толық тізімін қарастырып шыққаннан кейін, 2016 жылғы бағдарламаның 25 млн доллар болатын бюджеті бұдан бұрын келісілген 17 жобаға бөлініп қойылуына байланысты Атырау қаласының жолдарын салу ерікті «Игілік» бағдарламасына енгізілуі мүмкін еместігі ұйғарылды. 1993 жылдан бастап ТШО Атырау облысының әлеуметтік бағдарламаларына 1,2 млрд доллар салды. Ерікті «Игілік» бағдарламасының шеңберінде көптеген жобалар жүзеге асырылды, соның ішінде Құлсары қаласындағы сумен қамту жүйесін жаңарту, медициналық мекмелердің материалдық-техникалық базаларын жетілдіру, мектептер мен балабақшалар салу жобалары бар».,

Ал 14 қыркүйекте қалалық мәслихаттың 6-шы сессиясында қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ биыл Атырауды асфальттауға барлығы 14 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Алайда ТШО қатысудан бас тартты емес пе? Сөйтсек, әкімдік бастапқы жоспарды өзгертпеуді ұйғарыпты. ТШО-ның үлесін жергілікті бюджеттен сол сомада қосымша қаржы бөлумен алмастырған екен. Бұл туралы қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВ хабарлады.

Бірақ қалалық әкімдіктегілер тағы да асфальттау жоспарланып отырған көшелердің тізімін ұсынудан бас тартып, «АЖ» тілшісіне олардың жарияланымы биылғы жылдың жол бағдарламасына енбеген көшелердің тұрғындары тарапынан соғылатын толассыз телефон қоңырауына себеп болады деп мәлімдеді: «Бірінші тізімді жариялаған кезде, қандай айқай болғанын білесің бе, жұмыс істеу мүмкін емес еді. Сондықтан керек емес».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
22 қыркүйек 2016, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.