Атырау, 2 мамыр 15:38
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Сирияда атыс қайта жалғасты

2 080 просмотра

Фото: ReutersСирияның Алеппо және Хама қалаларының маңында Башар Асад пен оппозициялық қарулы топтар арасында қақтығыс болып жатыр,- деп хабарлады Азаттық.

Сирия басылымдарының жазуынша, 21 қыркүйек түнде Алеппо қаласының кіреберісінде қарулы топтар мен Асад әскері арасында атыс болған. Асад әскеріне Ресейдің әуе күштері көмекке келген. Сирия әскері Алеппо маңындағы зауыттардың бірін қиратқан.

Қыркүйектің 9-ы күні Женевада Джон Керри мен Сергей Лавров арасында жасалған келісімде Сирия үкіметі оппозиция күштеріне қарсы әуе шабуылы мен атысты тоқтатып, Алеппо қаласына гуманитарлық жүк жеткізу үшін жол ашуы тиіс екені, ал АҚШ пен Ресей террористік топтар туралы барлау мәліметтерімен алмасып, оларға қарсы әуе операцияларын үйлестіретіні айтылған еді.

Дереккөз: Аzattyq.org

22 қыркүйек 2016, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.