Ақжар поселкесінің төңірегінде әуесқой балық аулаушыны іздестіру жалғасуда.
БӨАЖҚЖ сүңгуір-құтқару қызметінің бастығы Самат ҚҰМАШЕВТІҢ хабарлауынша, 18 қыркүйекте шамамен сағат 14-те АМӨЗ саяжайлары маңындағы жағалаудан балық аулаушының - Ақжар поселкесінің 40 жастағы тұрғынының киімі табылған. Ол екі күн бұрын балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған. Сүңгуірлер судан жоғалған балықшыға тиесілі спиннингті тауып алды. Іздестіру жалғасуда.
С. Құмашев балықшының денесі 23 қыркүйекте киімі мен ау құралы табылған маңнан қалқып шыққанын хабарлады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ