21 қыркүйекте сағат 13.45-те ТЖД-ға орталық көпірдің түбінде бетон табанындағы колоннаның екінші қатарында ішкиімшең тұрған ер адамға көмек керектігі туралы хабарлама түскен.
БӨАЖҚЖ сүңгуір-құтқару қызметінің бастығы Самат ҚҰМАШЕВТІҢ хабарлауынша, сол жерге екі құтқарушысы бар мотор қайық жіберілген. Факт расталды. Тойларда телеоператор болып жұмыс істейтін Привокзальныйдың 29 жастағы тұрғыны Атыраудың келбетін квадрокоптер-дронның көмегімен түсіріп алуды ұйғарыпты. Оның ұшу аппараты көпірдің табанындағы үшінші қатардағы колонна түбіне қонған. Батыл телеоператор оған жүзіп барып алмақ болады, бірақ өзен суы салқын болғандықтан, тек жарты жолға ғана жеткен. Құтқарушылар жігітті дронмен бірге жағалауға жеткізді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ