Атырау қаласының прокуратурасы «СтройМонолитСервис» ЖШС-нің 84 қызметкерінің еңбекақысы бойынша 21,9 млн теңге (2016 жылдың мамырынан шілдесіне дейін) көлемінде бережағы бар екенін анықтап, заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарды.
Ал, қалалық прокуратураның аға прокуроры Нұржан ЖАНГЕРЕЕВ хабарлағандай, жұмыс беруші ұйғарымды орындамаған. Сондықтан прокуратура мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығарды. Жеке сот орындаушының инкассалық өкімімен бережақ сома компанияның банктік есепшотынан алынып, жұмысшыларға толықтай көлемде төленген.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ