Атырау, 18 желтоқсан 21:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​Мұнайды әкетіп, аспаптар әкелеміз

4 664 просмотра

2016 жылдың 8 айы ішінде облыстың сыртқы саудадағы тауар айналымы 9,2 млрд долларды құрады.

Бұл цифрды брифингте Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мәлімдеді. Экспорт үлесі 85% (7,9 млрд), импорт үлесі - 15% (1,3 млрд) құрады. Мұнда 86,3% экспорт Еуропалық одақ елдеріне, соның ішінде Италияға - 31,4%, Нидерландыға - 19,5%, Францияға -14,6% жіберіледі. Импорттың басым бөлігі де ЕО елдерінен (70%), содан кейін Қытайдан (10,6%), АҚШ-тан (10%), Түркиядан (2%) және т.б. елдерден келеді.

Импорт құрылымында анағұрлым салықтық сыйымды атаулар басым: жабдықтар мен механизмдер, қара металдан жасалған бұйымдар, химия өнеркәсібінің өнімдері, көлік құралдары, аспаптар мен басқа өнеркәсіп тауарлары. Экспорт бойынша, әдеттегідей, 90 пайыздан астамын шикі мұнай, мұнай өнімдері және күкірт құрайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 қыркүйек 2016, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.