Атырау, 27 қараша 11:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бішкек көшесінде 2 жарылғыш зат зиянсыздандырылды

1 822 просмотра

Фото: sputnik.kgАСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте қолдан жасалған жарылғыш заттар зиянсыздандырылды. Бұл туралы КирТАГ сәрсенбі күні Қырғызстанның МҰҚК сілтеме жасап хабарлады.

2016 жылы 20 қыркүйекте сағат 21:30 мин. 102 кезекші қызметіне Махатма Ганди көшесі мен Первомайский шолақ көшесінің қиылысындағы қара түсті күдікті пакеттер жайлы хабар түсті.

Оқиға орнына Қырғызстанның ІІМ мен МҰҚК жедел тобы шықты. Муниципалдық дүкен маңында қалдырылған екі полиэтилен пакетінен қолдан жасалған 2 жарылғыш заты табылды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында олар эвакуацияланды, аумақ қоршауға алынды.

Қырғызстанның МҰҚК саперлері жарылғыш заттарды зиянсыздандырылды. Жапа шеккендер жоқ. Тиісті сараптама жүргізілуде. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Іnform.kz

21 қыркүйек 2016, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.