Атырау, 28 қараша 10:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қаржы бар, енді жөндеуге кірісу керек

2 149 просмотра

Image 0Индербор кентіндегі бүлінген спорт кешенінің ғимараты. Сурет "АЖ" мұрағатынан.Индербор кентінде 20 маусым күні тұрған күшті желдің салдарынан бүлінген ғимараттардың шатырларын қалпына келтіруге аудан әкімінің резервтік қорынан 13 млн 327 мың, ал облыстық қаржы басқармасынан 12 млн теңге бөлінген. Бұл туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира ҚОНАСОВА хабарлады.

Алайда, Индербор кенті, Тайсойған көшесі, №9 үйдің тұрғындары салқындық түскеніне қарамастан үйдің төбесі әлі жөнделмегенін айтып отыр. Спорт кешенінің төбесі де сол жөнделмеген күйі тұр.

Біз Индер ауданы әкімінің орынбасары Мұхамбетқали АЛДЕРЗИНГЕ хабарласып, мынадай жауап алдық:

- Бөлінген қаржы спорт кешенін, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансындағы әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратын және Майдыров көшесі №1, Қонаев көшесі №20, Тайсойған көшесі №9 мекенжайлары бойынша орналасқан тұрғын үйлердің шатырларын жөндеуге жұмсалмақ.

Одан бөлек, М.Алдерзиннің айтуынша, кейбір жеке үйлердің төбесін жөндеуге демеушілер көмектеспек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 қыркүйек 2016, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.