Атырау, 27 қараша 11:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Обама БҰҰ Ассамблеясында Ресейді айыптады

1 919 просмотра

Фото: AFPАҚШ президенті Барак Обама 20 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясында президент ретінде соңғы рет сөз сөйледі,- деп хабарлады Азаттық.

Обама өз сөзінде қазіргі әлем түрлі мәселелерге қарсы тұруға қауқарлы екенін, тәуелсіз басылымдар биліктің бақылауынан ада болу керектігін айтты.

Барак Обама Ресей Украинаның тұтастығына қол сұғып жатқанда АҚШ пен әлем шетте қарап отыра алмайтынында айта келе "Ресей өзінің атақ-даңқын күштеу және басу жолымен қалпына келтіргісі келеді" деді.

Барак Обама 2017 жылы АҚШ президенттігінен кетеді. Қарашада өтетін сайлауда Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп президенттікке таласады.

Дереккөз: Аzattyq.org

21 қыркүйек 2016, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.