Фото: ria.ruТәжікстан билігі биылғы сегіз айдың ішінде экстремизм және терроризм бойынша айыпталған 150-ден астам адамды елге қайтарды,- деп жазды Азаттық. Бұл туралы Душанбеде тәжік ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода хабарлады.
Тәжікстан ішкі істер министрлігінің дерегінше, экстрадицияланғандардың дені Сирия мен Иракта «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының қатарында соғысқандар. Сонымен бірге, тәжік соты қызметіне тыйым салған діни және саяси ұйымдардың мүшелері бар.
Министр Рахимзоданың сөзінше, бұл адамдардың Тәжікстанға қайтарылуына Ресей, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Ауғанстан күштік құрылымдары септескен.
Тәжік билігі Ирак пен Сирияға соғысуға мыңнан астам азаматының кеткенін айтады. Оның 75-і елге оралып, үш жүзі қаза болған деген дерек бар.
Дереккөз: Аzattyq.org