Атырау, 2 маусым 20:14
 дождьВ Атырау +14
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Жерді заңсыз иемденгендерге айыппұл салынды

2 379 рет қаралды

Жылыой аудандық прокуратурасы жер телімдерін заңсыз басып алу және өз мақсатына сай пайдаланбау туралы 104 фактіні анықтады.

Мәселен, Құлсарыда 28 адам жер телімдерін заңсыз иеленіп келген.

- Біз бұл фактілер бойынша Жер Кодексін бұзғандарға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шара қолдану туралы Атырау облыстық жер инспекциясына ұсыныс енгіздік, - дейді Жылыой ауданы прокуратурасының аға прокуроры Арман АЙТҚАЛИЕВ. - Облыстық жер инспекциясының қаулысымен Құлсарының 28 тұрғынының әрқайсысы 79 537 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Жер телімдерінің әрі қарайғы тиістілігі мәселесі шешілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қыркүйек 2016, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.