Атырау, 5 желтоқсан 13:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Перзентханадағы саудагер бес жыл жаза алды

Сурет Бейнежазба
2 801 рет қаралды


19 қыркүйекте Атырау қаласының ювеналдық сотында биылғы жылдың маусымында жаңа туған сәбиді сату кезінде ұсталған облыстық перзентхананың бұрынғы қызметкеріне қатысты үкім жарияланды.

…ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел қызметкерлеріне перзентхананың медициналық тіркеушісі Н.Х.-ның босанушыны - Орта Азия республикасының азаматшасын өз сәбиін сатуға көндіргені белгілі болды. Медицина қызметкерінің қолында тіпті 2500 доллар көлемінде кепілақша болған. Сәбиді сатып алушыға беру кезінде әйел осындай мөлшерде ақша алмақ болған. 19 маусымда ауруханадан шығар кезде ол қылмыс үстінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотталушы ҚР ҚК-нің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен қатар, 5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын алды.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

20 қыркүйек 2016, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.