Атырау, 28 қараша 10:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Өзіңе де ыңғайсыз, қонақтардан да ұят

3 945 просмотра

Тікелей немесе жанама қызметтердің барлығы қатысқан үлкен селекторлық кеңесте облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ қаланы қоқыстан тазарту үшін бүкіл қорлар жұмылдырылады деп қаулы етті.

ОҢТҮСТІК БІЗГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

Облыс орталығының қоқыстану мәселесі өңір басшысын діңкелеткені сондай, ол тіпті меймандарға қаланы аралатуға ұялатынын мойындады:

- Жағалау бойына немесе Жұмыскерге серуенге шығып көріңіз! Вокзал төңірегінде не болып жатыр?!

Кеңес барысында, әлденеше рет бүкіл деңгейде талқыланған бұрынғы проблемалар қозғалды.

Біріншіден, «Арнаулы автобаза» ЖШС-де жұмысшылар жетіспейді. Жұмысшылардың басым бөлігі - әдетте, Өзбекстаннан келгендер екені жасырын емес. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы министрлік деңгейінде қолдау көрсетуге және квотаны көбейтуге әзір екендіктерін білдірді:

- Биыл біз 56 квота бердік. Қанша керек: 100-200? Айтыңыздар, біз министрлікке жүгінеміз, - деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Еркін ШПАНОВ.

56 квота деген сан «Арнаулы автобазаның» штаттық құрамының ұлттық ерекшеліктерімен сәл ғана таныс кез келген адамды таң қалдырады. Жарайды, бұл олардың ішкі шаруалары дейік. Оның үстіне, Шпановтың өзі гастарбайтерлердің көлеңкелі экономикасы бар екендігін жасырмады. Оның айтуынша, жыл басынан бері белгілі бағытта біздің облысымыздан шетелге 700 миллион теңгеден астам аударым жасалған.

- Ал бейресми түрде тұтас миллиард кетті!– дейді Шпанов сеніммен.

Облыс әкімі неліктен шетелдіктерді алатындығына наразы болды:

- Бізде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады (статистика осындай, статистика!). Алайда біз осындай жұмыс ұсынған Таңдай тұрғындары, мәселен, 50-70 мың теңгеге жұмыс істегілері келмейді. Жағдайды, тасымалды талап етеді, қызмет уақытынан тыс жұмыс істеуден бас тартады, жанжалдар шығарады...

Айта кету керек, менің ойымша, олар көп нәрсе талап етіп отырған жоқ, бәрі де еңбек заңнамасының аясындағы нәрселер. Алайда әкім Ноғаев атыраулықтардың тәбеттері шамадан тыс екендігімен келісіп, мысал келтірді:

- Менің жеке қабылдауыма өмір бойына жүргізуші болып жұмыс істеген адам келді. Біз оған жұмыс ұсындық, оған тиесілі жалақы 85-тен 120 мың теңгеге дейін болды. Бас тартты! Тек ТШО немесе НКОК-қа ғана барамын деді. Арнаулы автобазада арнайы техниканы жүргізетін де, жөндейтін де адам жоқ. Ол жерде 200 бос жұмыс орны бар. Бірақ жерлестеріміз бармай отыр.

Қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ анағұрлым кең мағынадағы болса да, жерлестеріміз келеді деп үміттенеді. Ол Оңтүстік Қазақстан облысынан еңбек күшін тартуға ниет етіп отыр. Әкім қазір қоқыс тазартып, сұрыптаумен айналысу үшін «вахталық әдіспен» оңтүстіктен жұмысшыларды жалдау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын хабарлады. Оларға жалақы 150 мың теңгеге дейін тағайындалады. Көлік шығындарын жабу олардың әлеуметтік пакетіне кіре ме, жоқ па, әкім хабарламады.

Эх, ШВЕЦИЯ АЛЫСТАУ

Жақын күндері ФБ лентасында Швецияның өз қоқысы таусылып, көрші елдердің жуындылар төгетін шұңқырына көз тігіпті деген ақпарат жылт еткен. Біз неге көрші болмадық екен?! Атырауда қоқыс өңдейтін зауыт салуға тура келмес еді, тіпті оның жоқтығы туралы жағымсыз мәселені талқыламас едік. Полимер өңдейтін зауыт бар (тек өзіміздің полимерлеріміз жоқ, шетелден әкелеміз), ал тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауытымыз жоқ. Бірақ қоқыстар үйіліп жатыр. Кеңесте айтылған мәліметтер бойынша, қоқыс орнындағы тұрмыстық қалдықтардың жылдық көлемі жылына 85 мың тоннаны құрайды. Олар көптеген ондаған жылдар бойына сол жерде қатталып келеді.

Әкім тағы да ашуланды: неліктен зауыт жоқ?! Жауап орнына оған және жиналғандарға қоқыс шикізатымен жұмыс жасауға әзір белсенді жас кәсіпкерлерді көрсетті. Олардың бірі, егер әкімдік оған пластик бөтелкелерді жинайтын арнайы науаларды дайындап, орнату шығынын төлесе, өзінің әзір екенін білдірді. Екіншісі, еріктілермен бірге халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қоқысты бөлек жинау қажеттілігіне көз жеткізуді жоспарлап отыр. Алайда әзірге өңдейтін зауыт болмағандықтан, көз жеткізу қиынға түсетін болар.

ШЕТЕЛГЕ ҚАШУ ЖӘНЕ ӨЗ ОРНЫНДА ЖҮГІРУ

Ал мұндай зауыттар неге жоқ? Бір емес, екі емес, тіпті үш мәрте тырысып, алайда әрекеттері зая кеткен жергілікті билік үшін қолайсыз болса да, бұл қызықты сұрақ. 2012 жылы облыстың тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауытқа қол жеткізуге нақты мүмкіндігі бар болатын. Түрлі мәліметтер бойынша, 70 немесе 90 пайыз әзір болған сәтте күтпеген жерден президент Бергей РЫСҚАЛИЕВҚА деген рақымшылығын қаһарға алмастырып, ол да, онымен бірге, аффилирленген тұлғалар тобы да қашып кеткен еді. Олардың арасында осы мәселемен айналысқан кәсіпкер Айбат СҮЛЕЙМЕНОВ бар болатын. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауытқа басқа нысандармен қатар тыйым салынып, тексеру аяқталғанға дейін ұрланып, талапайға түсті. Қолының сұғанағы бар Рысқалиевсыз да бұл мәселе әлденеше рет шешілген болар еді. Біздің қоқысымызға ақша салуға әзір делегациялар жер-жерден келді. Латыштар да, чехтар да, корейлер де, голландықтар да болды... Бұл Кәсіпкерлер одағының директоры Әлия БЕКҚОЖИЕВАНЫҢ да есінде екен:

- Инвесторлар кіре алмайды. Чехиядан болды, қоқыс өңдейтін зауытқа 58 миллион салғылары келді. Булану алаңын да өңдеумен айналысқылары келді. Бұл жердегі Айдын есімді кәсіпкер тіпті жобалау-сметалық құжаттамаға тапсырыс берді. Бірақ 3 жылдан бері оны ешкім қабылдамай отыр.

- Мен ол туралы алғаш рет естіп отырмын. Оны маған жіберіңіздер, жеке қабылдайтын боламын, - деді Ноғаев. – Ең бастысы – осы мәселеге қызығушылық білдіретін кәсіпкерлерді тауып, оларға көмек көрсету керек.

Осы бағытта басқа кәсіпкер Әзілхан БАЙБАТЫРОВТЫҢ ісі оңынан басуы мүмкін. Ол өңделген қоқыстан тіпті үйлер салуға болатынын әңгімеледі:

- Егер қоқысты полистиролбетонды блоктарға өңдесе, пассивті үйлер салуға болады. Бұл технология жылу сақтайды, энергияны жібермейді. Яғни, жылуға ақшаны аз жұмсайтын боласыздар. Бұл материал кірпіштен төзімді, уытты емес, қиын жанатын материалға жатады. Оның үстіне, өңделген қоқыстан аса беріктігімен ерекшеленетін жабынқыш пен плитка жасауға болады.

Кеңес азғана шоумен аяқталды. Жақсы жәрмеңке дәстүрімен, кәсіпкер балғамен «қоқыстан» жасалған плитканы тықылдатты. Бұл әкімге ұнады.

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ АЗАГҮЛДЕР ТУРАЛЫ

Азаматтық сананы тәрбиелеу мәселесі туралы да талқыланды:

- Үйінді қоқыстар өз-өзінен пайда болмайды ғой, бұған қоқысты контейнерге дейін жеткізіп апаруға ерінетін адамдар кінәлі. Әрбір қала тұрғыны Атырау тазалығы үшін өзінің жеке жауапкершілігін сезінбейінше, осы бағытта жасалатын кез келген қадамдар зая болады, - деп сөзін түйіндеді Нұрлан Ноғаев.

Айтпақшы, жергілікті тұрғындармен тәрбие жұмысы аясына облыс әкімінің кісі өлімімен аяқталған көлік апаты болған жерге азагүлдер орнататын дәстүрмен күресу ниетін де қосуға болады.

- Азагүлдер мен маңдайшалар орнатуды доғару керек. Бағандарда ілініп тұратын азагүлдерді күн сайын бақылайтындай басқалардың не кінәсі бар?!

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

20 қыркүйек 2016, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.