Атырау, 2 мамыр 06:24
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Нью-Йорктағы жарылысқа байланысты күдікті ұсталды

2 234 просмотра

Фото: Reuters17 қыркүйекте Нью-Йоркта болған жарылысқа күдікті ретінде 28 жастағы Ахмад Хан Рахами ұсталды. Бұл туралы CNN, NBC және AFP хабарлады,- деп жазады Азаттық.

Ауғанстанда туған Рахами Нью-Джерси штатындағы Линден қаласында ұсталған. Бұл ақпаратты Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио да растады. Полиция басқармасы Нью-Йоркта оның фотосын таратқан.

17 қыркүйекте Нью-Йоркте болған жарылыстан 26 адам жарақат алған. Дәрігерлер олардың біреуі айтарлықтай жараланғанын, ал қалғандарының өміріне қауіп жоғын айтады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, жарылғыш зат қоқыс салатын жәшікте болған. Оқиға куәгерлері қатты жарылыстан соң үрейленген адамдардың ол жерден қашқандарын айтады.

Осы оқиғаның алдында Нью-Джерси штатындағы Сисайд-Парк қаласында қолдан жасалған бомба жарылғаны туралы ақпарат тараған. Ол жарылыстан ешкім зардап шекпеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 қыркүйек 2016, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.