Атырау, 2 мамыр 12:42
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Босқындар тұрып жатқан аралда өрт шықты

1 692 просмотра

Фото: AFPГрекияның Лесбос аралында босқындар тұрып жатқан лагерьде өрт шыққан. Өрттен төрт мыңға жуық адам лагерьді тастап кетуге мәжбүр болған. Өрт салдарынан босқындар тұрып жатқан шатырлар мен уақытша паналау орындары қираған. Қазір полиция өрттің шығу себептерін тексеріп жатыр,- деп хабарлады Азаттық.

Қазіргі уақытта Грекияда 60 мыңға жуық мигрант паналап жатыр. Олардың барлығы Грекия арқылы басқа Еуропа елдеріне барғысы келеді. Сарапшылар Лесбос аралында 5600 босқын тұрып жатқанын, бірақ бұл аралда тек 2500 адамды ғана қабылдай алатынын айтады.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 қыркүйек 2016, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.