Атырау, 27 қараша 11:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Коалиция Асад әскерін әуеден бомбалаған

1 702 просмотра

АҚШ басқаратын коалиция 19 қыркүйекте Сирия президенті Башар Асад әскерилерін әуеден бомбалаған. Әуе шабуылынан 62 сириялық әскери мерт болған. Бұл шабуыл Сириядағы уақытша бітімнің бұзылуына себеп болуы мүмкін,- деп хабарлады Азаттық.

Уақытша бітімге бастама болған АҚШ пен Ресей шабуылға бір-бірін айыптап отыр. 17 қыркүйекте австралиялық ұшақ сириялық әскерилерге әуеден шабуыл жасағаннан кейін жағдай ушыға түскен.

Қыркүйектің 9-ы күні Женевада Джон Керри мен Сергей Лавров арасында жасалған келісімде Сирия үкіметі оппозиция күштеріне қарсы әуе шабуылы мен атысты тоқтатып, Алеппо қаласына гуманитарлық жүк жеткізу үшін жол ашуы тиіс екені, ал АҚШ пен Ресей террористік топтар туралы барлау мәліметтерімен алмасып, оларға қарсы әуе операцияларын үйлестіретіні айтылған еді.

Дереккөз: Аzattyq.org

19 қыркүйек 2016, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.