«Арнаулы автобаза» ЖШС жиналмаған қоқысқа қатысты қала тұрғындарының шағымдарына жедел әрекет ету үшін WhatsApp-тың «қауырт желісін» ашты.
Қызмет «дейін» және «кейін» форматында жұмыс істемек: қала тұрғындарынан алынған фотоайғақтарға жауап ретінде «Арнаулы автобаза» қызметкерлері әрекет етіп, тазартылған нысанның суретін салуы тиіс болады.
Whatsapp қауырт желісінің нөмірі: 8701 1802679, алайда жауап суреттері Instagram-ға салынатын болады: @specavtobaza_atyrau немесе #МойАтырау хэштегі бойынша.
- Бұл «қауырт желіге» облыстық әкімдік жетекшілік етеді, азаматтардың бүкіл шағымдары қоқысты жинау технологиясын жақсарту, қатты тұрмыстық қалдықтардың үйінділерін анықтау және қоқыс контейнерлерін дұрыс орналастыру мақсатында талданады, - деп атап өтті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА