Атырауға ҚР-дағы Малайзияның Төтенше және Өкілетті елшісі Дато ХИДАЯТ келді. Ол еліміздегі алғашқы мұнайгаз қамту және қызмет көрсету базасын ашу салтанатына қатысты.
- Атырау – инвестиция үшін тартымды аймақ. Және тек мұнайгаз өндірісі тұрғысында ғана емес. Біз басқа салалар: туризм, сауда бойынша да ынтымақтастыққа әзірміз. Елімізде Қазақстанның көптеген студенттері білім алуда, - деді Дато Хидаят мырза. Ол шетелдік инвесторларды көбінесе «Ұлттық индустриалдық мұнайхимия технобағы» қызықтыратынын атап өтті. Бүгінгі күні бақ аумағында 14 қатысушы тіркелген және бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, Атырау облысында жалпы алаңы
Кеден мәліметтеріне сәйкес, биылғы жыл басынан бері Атырау облысының Малайзиямен сыртқы сауда айналымы 1,2 млн долларды құрады. Әңгіме Малайзиядан әкелінетін арқауланған және құрамдастырылған құбырлар, ысытылған резіңкеден жасалған шлангалар мен тұрбалар, хирургиялық қолғаптар мен басқа да атаудағы өнімдер туралы болып отыр. Атырауда Малайзияның капиталдық қатысы бар екі кәсіпорын тіркелген: «Провидент Дойтчи» ЖШС (механикалық станоктардың көтерме саудасы) мен «Маркюинн» компаниясының филиалы (кең ассортименттегі тауарлардың көтерме саудасы).
Малайзиялық мұнайгаз қамту және қызмет көрсету базасы консорциумына 4 компания кіреді: Хадид Engineering Sdn Bhd, OTI, IFP, «АқТілекӨрлеу» ЖШС. Хадид Engineering Sdn Bhd компаниясының бас директоры Шыңғыс НАБИЕВТІҢ айтуынша, дүние жүзіне танымал «Делойт» компаниясының ҚР мұнайгаз секторының нарығына жүргізген зерттеуі негізінде Малайзияның мұнай компаниялар тобы Қазақстанға кіруге шешім қабылдаған.
- Малайзия тәжірибесінің Қазақстанға қызықты болатын себебі - өткен ғасырдың 70-жылдары мұнайгаз секторындағы жергілікті қамту нөлге тең болып, онда 100 пайыз шетелдік мердігерлер айналысқан, алайда 20 жылдың ішінде олар жергілікті қамтуды 0-ден 100 пайызға дейін арттыра алған, - дейді Ш.Набиев. – Малайзиялық компаниялар бұл жерден өз өкілдігін ашты, бірақ бұл жерде малайзиялық қамту үлесі болмайды. Біз өз қызметтерінің сапасын «Эксон мобилл», «Шеврон», «Шелл» талаптарына сай параметрлерге дейін көтергісі келетін қазақстандық компаниялар іздестіреміз. Қазір консорциум төрт компаниядан тұрады, бірақ біз кеңейеміз. Компания таңдаған кезде бір-біріне бәсекелес емес, бір-бірін толықтыратын ережені сақтайтын боламыз. Осылайша, клиенттер бір базадан толық қызметтер тізімін таба алатын болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА