Фото: Reuters18 қыркүйекте Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі іске қосылған жарылғыш заттарды бір адам дайындаған,- деп хабарлады Tengrinews.kz сайты Fox News телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна нақты деректерді жарияламаған.
Сонымен қатар Нью-Йорк полициясы Tumblr әлеуметтік желісінде белгісіз біреудің Манхэттендегі жарылысты өз мойынына алғаны туралы мәліметті тексеріп жатыр. Жазбаның авторы болған оқиғаны "бұл жай тексеріс болған", деп жазып, бұл шабуылды "қазіргі қоғамды жеккөретінін, гомосексуалдарды адам құрлы көрмейді" деп айыптаған.
Еске салайық, қайырымдылық марафонының қарсаңында 18 қыркүйек күні Нью-Джерсиде жарылғыш зат іске қосылған, абырой болғанда зардап шеккендер болмаған. Полиция оқиға орнында қуаты аз бірнеше жарылғыш заттарды тапқан. Бірнеше сағат өткен соң, Нью-Йорктің Манхеттенінде жойқын жарылыс болып, 29 адам зардап шеккен.
Дереккөз: Tengrinews.kz