Атырауда енді кинотеатр билеттерін біздің сайттан Ticketon.kz сервисі арқылы онлайнмен сатып алуға болады.
Chaplin Атырау - билеттерді онлайн-сатып алу жүйесіне қосылған қаладағы алғашқы кинотеатр.
Енді сеанс билетін www.azh.kz сайтынан алуға болады. Фильм мен сеансты қарауға қолайлы уақытты таңдаған соң, «Сатып алу» түймесін басып, 10 төлеу әдістерінің бірі: банк картасы немесе кез келген банктің интернет-банкингі, Qiwi, Касса24, Киберплат терминалдық желілері, сонымен қатар, электронды ақша немесе ұялы телефон балансы арқылы билетті төлеу ғана қалады.
Сатып алғаннан кейін телефонға код жазылған хабарлама келеді. Сеансқа келгенде оны кассаға көрсетіп, билет алады.
Онлайн режимінде киноға билет сатып алу Атырау тұрғындары үшін кинотеатр кассаларынан тікелей сатып алумен салыстырғанда, әрі кеткенде 100 теңгеге қымбатқа шығады. «Тикетон» компаниясының басшысы Виктория Торгунакова онлайн-сатып алу қызметінің бағасы кинотеатр кассасына бару үшін қоғамдық көлікке кететін шығындармен салыстырмалы екенін атап өтеді. Мұнда клиент атышулы фильм тұсаукесері болса да, залдан жақсы орындар таңдай алады және өзіне қолайлы жағдайда сатып алуды жүзеге асырады. Таяу уақытта сервис негізінен қаланың мәдени және спорттық нысандарында сатуды іске қосуды жоспарлап отыр және олардың көпшілігінде онлайн-билеттер номиналды құн бойынша сатылатын болады. Оның үстіне, сервис интернет арқылы билет сатып алушылар үшін жиі жеңілдіктер ұсынады және акциялар өткізеді.
Виктория Торгунакова сонымен қатар, Атырауға шығу шешімінің көп уақыттан бері ойында жүргенін атап өтті: «Біз 4 жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс істеп келеміз. Ұзақ уақыт бойына тек екі қаламен – Алматымен және Астанамен шектелдік. Ол жерде бізге 40-тан астам нысан қосылған. Біз енді басқа қала тұрғындарының да кез келген мәдени іс-шараларға кезексіз билеттер сатып алу әрі әйгілі фильм тұсаукесерлері кезінде де залдан жақсы орындарға ие болу мүмкіндігіне қызығушылықтарын айқын көріп отырмыз. Атырау қаласындағы біздің алғашқы серіктесіміз Chaplin кинотеатры болды. Бірге жұмыс жасаған 4 жыл ішінде олар онлайн-сату жүйесін енгізудің шынымен де тиімді екендігіне көз жеткізді: кинотеатр кассаларының жұмысы жеңілдеді, ал кинотеатр, өз кезегінде, клиенттерінің ризашылығын және ең батыл маркетингтік мақсаттарын жүзеге асыру мүмкіндігін алды. Көп кешікпей Атыраудағы басқа да нысандардың біздің сервисімізді пайдалана отырып, өз келушілеріне уақыттарын, жүйкелері мен ақшаларын үнемдеу мүмкіндігін тарту ететіндігіне сенімдіміз».
Анықтама: «Тикетон» компаниясы кино, театр, түрлі мәдени-сауықтыру және спорттық іс-шараларға онлайн билет сататын ірі қазақстандық жүйе болып табылады. 2012 жылдың ортасында жұмыс бастаған платформа қазіргі уақытта еліміздің 17 кинотеатры мен 20 театрын, сонымен қатар ірі концерт және спорт алаңдарын қамтиды. Бүкіл жоба тарихында онлайн режимінде 820 мыңнан астам билет сатылды.