Атырау, 28 қараша 10:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​ДНК-ға талас жоқ

3 271 просмотра

Азамат И. сотқа кәмелетке толмаған сәбиге қатысты әкелігін даулау туралы азаматша А-ның үстінен талап-арыз берді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сотта талап-арыз беруші арыздағы талапты қолдап, А.-мен бірге азаматтық некеде болғанын түсіндірді. Бірге тұрған уақытта жауапкерден қыз бала дүниеге келген. Уақыт өте келе ер адам қызының сыртқы келбеті өзіне ұқсамайтынын байқай бастайды. Осыған байланысты өзінің әкесі екеніне қатысты күдік туындаған. Жарытымды жауап бермеген А.-дан әлденеше рет осыны анықтамақ болғаннан кейін күдігі күшейген. Талап-арыз беруші сот молекулярлы-генетикалық сараптама өткізу туралы өтініш берген.

Сараптама И.-дың баланың биологиялық әкесі еместігін көрсетті. Қалалық соттың шешімімен азамат И.-дың азаматша А.-ға қатысты әкелігін даулау туралы талап арызы қанағаттандырылды. Сонымен қатар сот талап-арыз берушінің пайдасына азаматша А.-дан жалпы сомасы 168 101 теңге болатын бүкіл сот шығындарын өндіріп алды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қыркүйек 2016, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.